Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапонияда төрт күндік жұмыс аптасы енгізілмек

Жапонияда төрт күндік жұмыс аптасы енгізілмек

Фото: iStock
Жапонияда демографиялық дағдарысты еңсеру мақсатында төрт күндік жұмыс аптасы енгізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл өзгеріс Жапония астанасы Токиода 2025 жылдың сәуірінен басталады. Жаңа тәртіп бойынша қызметкерлер аптасына үш күн демалуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, бастауыш мектептің алғашқы үш сыныбында оқитын балалары бар ата-аналарға жалақысының белгілі бір мөлшерінен бас тарту арқылы жұмыс күнін мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндік беріледі.
Сондай-ақ Жапон үкіметі халық санын көбейту үшін ер адамдарға да әкелік демалыс беру сияқты бірқатар шараны қолға алмақ.
Жапонияның денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, былтыр тек 727 277 туылу тіркелді. Ал туу коэффициенті – әйелдің өмір бойы туатын балаларының саны 1, 2-ге дейін төмендеді. Халық саны тұрақты болуы үшін туу коэффициенті 2,1 болуы қажет дейді биліктегілер.
Токио отбасылық саясатты жүзеге асыратын Азиядағы жалғыз қала емес. Сингапур де осы жылы барлық компанияны қызметкерлер үшін икемді жұмыс тәртібін қарастыруға мәжбүрлейтін жаңа нұсқаулар енгізді. Ол төрт күндік жұмыс аптасын немесе икемді жұмыс уақытын қамтуы мүмкін. 
09 желтоқсан 2024 ж. 336 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 118

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930