Жапонияда төрт күндік жұмыс аптасы енгізілді
Фото: depositphotos.com
Токио демографиялық дағдарыспен күресудің жаңа әдісі ретінде - төрт күндік жұмыс аптасын қолданып жатыр. Онда халық тез қартайып, ал жастар жұмыс бастылықтан бала жоспарлауға уақыт таппай жатыр. Үкімет осыны ескере келе жаңа жұмыс аптасын енгізді, - деп хабарлайды Massaget.kz Fortune басылымына сілтеме жасап.Басылымда айтылғандай, елдегі ең ірі жұмыс беруші қалалардың бірі Токиода өз қызметкерлеріне аптасына төрт күн ғана жұмыс істеуге рұқсат берді. Бұл жаңа ереже әйелдердің жауапкершілігін жеңілдетуге және халқы тез қартайып жатқан елдің туу көрсеткішін арттыруға бағытталған.
Токио губернаторы Юрико Коике осы аптада Токио қалалық ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде:
Басылымда атап өтілгендей, Жапонияда туу көрсеткіші сегізінші жыл қатарынан төмендеді. Осылайша, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында елдегі туу көрсеткіші рекордтық төменгі деңгейге жетті. Биыл тек 350 мың бала дүниеге келген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға аз. Елорданың туу көрсеткіші рекордтық көрсеткішке - 0,99 балаға дейін төмендеді, ал халықтың тұрақты санын сақтау үшін 2,1 бала қажет.