Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк «Мыс» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

Ұлттық банк «Мыс» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

Фото: Ұлттық банк
Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан Cu (мыс) коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Коллекциялық монеталар 2024 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.

Cu (мыс) – «Қазақстанның жер қойнауы» монеталарының жаңа сериясын ашады. Бұл серия Қазақстанның жер байлығын ашуға арналған. Оның аясында Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бөлшектері бар, жаңа технологиямен күміс монеталарды әзірлеу жоспарланған. Монета дизайнында Менделеев кестесі мен Cu (мыс) химиялық элементінің айшықталған бөлігі ұсынылып отыр.

Күміс монеталардың сынамасы – 925. Массасы – 32,9 грамм (күміс массасы – 31,1 грамм, мыс қосылған элемент массасы – 1,8 грамм), диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 1000 (бір мың) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылданады, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынады, аударылады, ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
09 желтоқсан 2024 ж. 345 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 118

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930