Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық музейде Сыр бойы қазақтары пайдаланған құнды этнографиялық бұйымдар қойылды

Ұлттық музейде Сыр бойы қазақтары пайдаланған құнды этнографиялық бұйымдар қойылды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен
Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдығы аясында облыстық музей қорында сақталған құнды жәдігерлерден «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Көрмеге ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген Қорқыт мұрасы, ХІХ-ХХ ғасырларда Сыр бойы қазақтары пайдаланған құнды этнографиялық бұйымдар қойылды.
Келушілер Сыр бойындағы ежелгі өркениет іздерімен, Тәуелсіздік жылдарында Шірік Рабат, Сығанақ, Түгіскен, Жетіасар, Жанкент, Қышқала, Асанас қалашықтарына жүргізілген кешенді археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесімен таныса алды.
Сондай-ақ белгілі тұлғалардың домбыралар коллекциясы, С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы қорындағы қылқалам шеберлерінің картиналары көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шараға ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ақын-жазушылар, шығармашылық және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Айта кетейік, көрме 19 желтоқсанға дейін жалғасады.
06 желтоқсан 2024 ж. 290 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 156

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 109

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031