Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Каспий деңгейі екі метрге төмендеді

Каспий деңгейі екі метрге төмендеді

Табиғат жанашырлары Каспий теңізін ғылыми-зерттеу институтын құру жұмыстарын жеделдетуді сұрайды.
Фото: бейнеден скриншот
2006 жылдан бері судың деңгейі 2 метрге төмендеген. Бұл құбылысты Ақтау тұрғындары да байқап, әлеуметтік желіге жүктеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Халық бірнеше жыл бұрын түсірілген қала жағажайы мен оның бүгінгі көрінісін салыстырып, теңіздің тартылу себебін анықтау қажет деп дабыл қағып жатыр. Әуесқой фотограф Қанатбек Кенжеғұлов үш жыл бұрын теңізде тастың үстіне қонақтаған қос шағаланы түсіріпті.
"Сол кезде жартастың екі ұшы су бетінде көрініп тұрды. Қазір су жағалаудан шегініп кеткен соң, басқа да ірілі-ұсақ тастармен бірге құрлыққа шығып қалды. Осыған қарап, Каспийдің қаншалықты тартылғанын байқауға болады", - дейді қала тұрғыны.
Экологтардың мәліметінше, теңіздің таяздануынан су түбіндегі қысым азайып, улы газдар бөлінуі мүмкін. Бұдан оның флорасы мен фаунасына қауіп бар.
"Мәселенің шешудің бір жолы - Каспий маңындағы бес мемлекет өзара келісімге келіп, айдынға жүзден астам өзеннен келіп құйылатын судың мөлшерін көбейту қажет", - дейді мамандар.

02 желтоқсан 2024 ж. 66 0

Жастар есірткіге қарсы

22 қаңтар 2025 ж. 84

Қараңғы жолдан аулақ бол

22 қаңтар 2025 ж. 103

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031