Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ауыр созылмалы аурулары бар пациенттерге паллиативтік көмекке қолжетімділік артады

Қазақстанда ауыр созылмалы аурулары бар пациенттерге паллиативтік көмекке қолжетімділік артады

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Денсаулық сақтау министрлігі келесі жылдың басынан осы қызметтің мүмкіндіктерін кеңейту және ауыр созылмалы аурулары бар пациенттерді қамту мақсатында паллиативтік көмекті қаржыландыруды 42%-ға ұлғайтуда.

Бүгін Үкіметтің мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі отырысында атап өтілгендей, Денсаулық сақтау министрлігі лайықты күтімді қамтамасыз ету және паллиативтік көмекке мұқтаж барлық қазақстандықтарға қолдау көрсету үшін бағдарламаларды жетілдіруді жалғастырады.

«Медициналық оңалтуға келетін болсақ, медициналық көмектің бұл түрі ересектерге кардиология, кардиохирургия, невропатология, нейрохирургия, травматология, ортопедия, сондай-ақ қатерлі ісіктері бар науқастар сияқты жеті бейін бойынша көрсетіледі. Соңғы 3 жылдың ішінде оңалту төсектерінің саны екі есе, 772 денсаулық сақтау ұйымының базасында 8 мыңға дейін ұлғайды», — деп жазды министрліктен.

Соңғы 5 жылдың ішінде ересек тұрғындардың мүгедектік құрылымы өзгеріссіз қалды. Бірінші орында қанайналым жүйесінің аурулары (26,8%), екінші орында — қатерлі ісіктер (26,2%), үшінші орында — психикалық аурулар (22,1%) тұр.
06 қараша 2024 ж. 225 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 22

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 125

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930