Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кімдерге сүзбе жеуге болмайды?

Кімдерге сүзбе жеуге болмайды?

Фото: depositphotos.com
Сүт ақуыздарына аллергиясы бар адамдарға сүзбеден бас тарту ұсынылады, ал бүйрек аурулары бар адамдар оны шектеулі мөлшерде ғана жей алады. Бұл туралы гастроэнтеролог Людмила Сухорукова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz "РИА Новостиге" сілтеме жасап.
"Егер сіз лактозаға тым сезімтал болсаңыз және сүзбе жегеннен кейін ыңғайсыздық сезінсеңіз, өнімді шектеу керек. Ал сүт ақуыздарына аллергия болса, сүзбеден мүлдем бас тартуға тура келеді. Сүзбенің гликемиялық индексіне ерекше назар аударған жөн, бұл екінші типтегі қант диабетімен ауыратын адамдарға қатысты. Бірақ дені сау адамдар бұл индекстен қорықпауы керек", - деді ол.

Оның айтуынша, бүйрек ауруы бар адамдар үшін сүзбе мөлшері шектеулі. Себебі мұндай науқастар үшін диетадағы ақуызды шектеу бойынша жалпы нұсқаулар бар.
Сүзбені шамадан тыс тұтыну бірден бірнеше жағымсыз салдарға әкеп соқтыруы мүмкін, олардың арасында артық салмақ пен семіздік бар. Өнімнің диеталық қасиеттеріне қарамастан, ағзаға ақуыз артық түссе, онда май синтезделеді. Сондай-ақ сүзбені шамадан тыс тұтыну дәрумен алмасуының бұзылуын, жүйке жүйесінің шамадан тыс қозуын және зәр қышқылының жиналуын тудырады, ал оның тұздары шеміршекке, буындарға және басқа тіндерге жиналады.
"Тіпті ең пайдалы тағамдарды да қалыпты мөлшерде жеу керек, ал дұрыс тамақтану әртүрлі және теңдестірілген болуы керек. Сүзбені диетадан толығымен алып тастаудың қажеті жоқ, өйткені оның құрамында өсімдік майларында жоқ А және D дәрумендері көп. Сондай-ақ майлы сүзбеде триптофан бар - бұл аминқышқыл дене бітімін сақтауға, жақсы ұйықтауға көмектеседі", - деп қорытындылады Людмила Сухорукова.

03 қараша 2024 ж. 354 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 119

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 102

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 111

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031