Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 қарашадан бастап не өзгереді

1 қарашадан бастап не өзгереді

Фото: BAQ.KZ

Елімізде 1 қарашадан бастап не өзгереді. BAQ.KZ шолуына назар аударып көрейік.

Қарашада неше күн демаламыз?
Қараша айында Қазақстанда мереке күндері жоқ. Сол себепті бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер тек сенбі және жексенбі күндері демалады.
Осылайша бұл айда 9 күн демалыс бар.
Кімнің кәсіби мерекесі тойланады
Қараша айында да кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс күндері мен демалыс күндеріне қарамастан, олар мерекеленіп, салаға үлес қосып жатқан мамандар еленіп, ескеріледі.
5 қараша – Сыртқы барлау күні.
8 қараша – Статистика күні.
10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні.
15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
16 қараша (қарашаның үшінші сенбісі) – Бұрғышылар күні.
17 қараша (қарашаның үшінші жексенбісі) – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні.
Оқушылардың II тоқсаны басталады
Еліміздің мектеп оқушылары күзгі демалыстан шығып, 4 қарашада оқу жылының II тоқсанын бастайды.
Балалардың каникулы төмендегідей болатынын еске сала кетейік:
ІІ тоқсан – сегіз оқу аптасы, қысқы демалыс – 10 күн, 2024 жылғы 30 желтоқсаннан 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда.
ІІІ тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 11 күн, 2025 жылғы 21 наурыздан 31 наурызды қоса алғанда.
Бірінші сыныптарда қосымша демалыстар болады - 7 күн, 2025 жылғы 3 ақпаннан 9 ақпанды қоса алғанда.
IV тоқсан – сегіз оқу аптасы.
Экспресс автобусқа айлық тариф алуға болады
1 қарашадан бастап экспресс-бағдарларда айлық жол жүру тарифі қосылады.

Айлық жол жүруді CTS кассалары және kaspi мобильді қосымшаларында сатып алуға болады.

Экспресс-бағдарларға келесі айлық жол жүру тарифтері жарамды:
«Қала+Экспресс» - 10 000 тг.
«Қала+Экспресс+Қала маңы» - 13 500 тг.
Қарашада күн қандай болады?
Қараша - қыс алдындағы алғашқы ай. Жылы және аязды күндердің жиі өзгеруі, қар түрінде жауын-шашын, оңтүстік-батыс, оңтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады деп болжануда. Қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман бір ай бойы күтіледі.
Аязды ауа райы айдың екінші жартысында болжанады.
республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта -15-24°С дейін, күндіз -7-12°С дейін;
батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде -3-15°С дейін, күндіз 0,-7°С дейін.
Суық күндердің орнына Орта Азия мен Жерорта теңізінен жылы ауа массаларының келуі әсерінен күндіз жылынады:
республиканың көп бөлігінде +3+8°С дейін;
оңтүстік жартысында +8+15°С дейін.
Жалпы, қарашада ауа температурасы республиканың басым бөлігінде норма шамасында (нормалар қосымшада келтірілген), қиыр батыста – 1° нормадан жоғары, елдің оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – 1° нормадан төмен болады деп күтілуде (Түркістан, Жетісу облысы, Шығыс Қазақстан, Абай облысында, Жамбыл және Алматы облыстарының оңтүстігінде).
Қараша айында жауын-шашын мөлшері Қазақстан аумағының басым бөлігінде норма шамасында, солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында нормадан көп (Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, Атырау және Ақтөбе облыстарының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының шығысында, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының қиыр солтүстігінде), елдің оңтүстік өңірлерінде – нормадан аз болуы болжанады (елдің оңтүстік жартысында және Қарағанды мен Ұлытау облысының қиыр оңтүстігінде).
Салық төлеу жеңілдейді
2024 жылғы 11 қарашадан бастап Қазақстанда салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу процесін айтарлықтай жеңілдететін инновация – шоғырландырылған төлем тапсырмасы күшіне енеді.
Бұл маңызды өзгеріс жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер үшін салық рәсімдерін оңтайландыруға, сондай-ақ мемлекетпен есеп айырысудағы ашықтық пен ыңғайлылықты арттыруға бағытталған.
Қара және түсті металдардың қалдықтарын экспорттауға тыйым
Қазақстанда қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға тыйым салу ұзартылды.
Индустрия және құрылыс министрі 2024 жылғы 21 қазандағы «Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының экспортын реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды.
Оларды алты ай мерзімге Қазақстан аумағынан көліктің барлық түрімен әкетуге тыйым салынды.
Бұйрық 2024 жылғы 2 қарашадан бастап күшіне енеді.
Үздік сынып жетекшісі анықталады
Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған «Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталады. Байқау алғаш рет «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткізіліп, тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен инновациялық тәсілдерін анықтауға және қолдауға бағытталған.
Байқауға барлық орта білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері қатыса алады. Ол үш кезеңде өтеді
I кезең (аудандық) - 2024 жылғы 17-18 қыркүйек;
II кезең (облыстық) - 2024 жылғы 24-25 қыркүйек;
III кезең (республикалық) - 2024 жылғы қараша айында Астана қаласында өтеді.
«Беске дейін үлгер» қосымшасы қосылады
Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына балаларды күту және дамыту бойынша консультациялық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасы іске қосылады.
«Беске дейін үлгер» қосымшасы ата-аналарға үй жағдайында балаларға денсаулық, тамақтану, тәрбие, дағдыларды дамыту және балалармен өзара әрекеттесу сияқты маңызды мәселелер бойынша қолжетімді әрі түсінікті контент ұсынады. Қосымшадағы барлық материалдар нейробиологиялық зерттеулердің ғылыми деректеріне негізделіп әзірленген, бұл олардың тиімділігі мен практикалық құндылығын қамтамасыз етеді.

«Қазіргі уақытта қосымша пилоттық режимде Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарындағы мектепке дейінгі ұйымдарда тестіленуде. Толық ауқымда іске қосу қараша айына жоспарланған.
Энергия қымбаттайды
Энергетика министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы бұйрығы бойынша электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізілді.
Осылайша, 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап тарифтер өседі:
  • бірінші топ (Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін 8,05 теңгеден 8,27 теңгеге дейін;
  • екінші топ (Еуразиялық энергетикалық корпорация) – 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;
  • тоғызыншы топ ("Астана-Энергия" АҚ) – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;
  • 12-топ ("Қазақстан алюминийі" АҚ) – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;
  • 18-топ ("Степногорск ЖЭО" ЖШС) – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;
  • 28-топ ("Жаңажолская ГТП" ЖШС) – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;
  • 39-топ ("З-Энергоорталық" АҚ) – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;
  • 48-топ (ТНК "Қазхром" АҚ) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.
Сонымен қатар, тізімге жаңа компаниялар қосылды, олардың тарифтері алғаш рет бекітілді:
  • кВт/сағ үшін 43,92 теңге тарифпен 56-топ;
  • 56,63 теңге тарифпен 57-топ;
  • 26,08 теңге тарифпен 58-топ;
  • 22,56 теңге тарифпен 59-топ;
  • 60-топ тарифі 3,07 теңге.
Магистратура мен докторантураға құжат қабылдау басталады
28 қазанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау және докторантураға түсу емтихандарына құжаттарды қабылдау басталады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Тіркелу Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында өтеді. КТ-ға тіркелу 2024 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.
31 қазан 2024 ж. 194 0

Ротация туралы не білеміз?

03 желтоқсан 2024 ж. 54

Ерекше жандар ескерілді

03 желтоқсан 2024 ж. 82

Тәуелсіздікті ту етемін

02 желтоқсан 2024 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031