Егін жинау науқаны аяқталды: 26,5 млн тонна астық жиналды
Фото: istockphoto.com
Оның ішінде 16,7 млн гектары – дәнді және бұршақты дақылдар. 26,5 млн тонна астық бастырылды.
Орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары. Негізгі астық егетін өңірлердің ішінде Солтүстік Қазақстан облысында жоғары нәтижелер байқалады – 18,6 ц/га. Оңтүстік өңірлерде өнімділік бойынша жоғары көрсеткіштер Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында байқалады.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында күздің қолайлы ауа райы жағдайлары жауын-шашынға қарамастан айтарлықтай шығынсыз егін жинау науқанын жүргізуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
«Жоғары өнімділікке ауа-райының қолайлы жағдайлары және, әрине, агротехнологияларды дұрыс қолдану нәтижесінде, атап айтқанда сапалы тұқымдарды пайдалану, минералды тыңайтқыштарды қолдану және өсімдіктерді тиімді қорғау арқылы қол жеткізілді», — деді министр.
Дәнді дақылдарды жинау аяқталды, жүгері дәнін жинау жалғасуда.