Талғар маңында атыс болды

Оқиға орнындағы видеоны куәгерлер жариялады. Видео авторы ауылда атыс болғанын атап өтті. Полиция қызметкерлері жұмыс істеп, машиналарды тексерген.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.
Оқиғаға қатысушылардың барлығы полицияға жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ, - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.