Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас прокуратура мен ҰОК арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Бас прокуратура мен ҰОК арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Фото: Бас прокуратура
Бас прокуратура мен ҰОК арасында дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас Прокурор Берік Асылов пен Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қол қойған келісімнің мақсаты – спорт саласында заңдылықтың нығаюы, бюджет қаражатын жымқыруды болдырмау және басқа да қылмыстарға жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттау, әсіресе жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу.

Бас Прокурор өз сөзінде «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында уәкілетті органмен бірге кәсіпқой спортта негізгі мәселелерді шешу және осы саладағы заңнаманы жаңарту керек екенін» атап өтті.

Іс-шара нәтижесінде тараптар белсенді ақпараттық өзара іс-қимылды, бірлескен талдауларды, жобаларды, оның ішінде күштік органдардың қызметкерлері арасында танымал спортшыларды дайындап шығару мақсатында құқық қорғау органдарында спортты кеңінен насихаттау бойынша жұмыстар жүргізу туралы келісімге келді.
28 қыркүйек 2024 ж. 207 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031