Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде күн суытып, қар жауады

Елімізде күн суытып, қар жауады

Фото: Pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстан бойынша 24-26 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің болжамынша, қазақстандықтар қалың киім алып, күрт суыққа дайындалуы керек.

"Таяу тәуліктерде республиканың солтүстігінде және шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен 26 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын күтіледі, түнде ауа температурасы қарға айналады; -2-7°С дейін төмендейді деп күтілуде", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Қалған аумақтарда болжам бойынша ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман түседі.

Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, күндіз ауа температурасы төмендейді:

республиканың батысында +18+26°С дейін;
солтүстікте, шығыста +5+10°С дейін;
орталықта +7+15°С дейін;
оңтүстікте +12+20°С дейін;
таулы аймақтарда +2+10°С дейін.

24 қыркүйек 2024 ж. 211 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930