Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында ІІМ қызмет өткерудің күшейтілген режиміне көшті
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуіне орай Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүкіл ел бойынша қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықаралық іс-шараның Астанада өтетінін ескере отырып, елордаға ерекше назар аударылды. 3 қыркүйек күні мұнда қызметке кірісетін кешенді күштердің жалпы гарнизондық жиыны болды. ІІМ басшылығы жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға дайындығын тексерді. Қызметкерлер құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ азаматтармен өзара іс-қимыл жасау кезінде сыпайылық танытуға бағдарланған.
ІІМ елорда тұрғындары мен қонақтарын заңды сақтауға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.
[media=]