Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинағын алу: Ұлттық банк талаптарды күшейтуді ұсынды

Зейнетақы жинағын алу: Ұлттық банк талаптарды күшейтуді ұсынды

Фото: nationalbank.kz
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы жүйесіне қатысты жұмыс тобында БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талаптарын күшейтуді пысықтап жатқанын айтты.

  «Қазір Үкіметтің әлеуметтік блогы жұмыс тобында зейнетақы жүйесінің контуры талқыланып жатыр. Бұл жұмыс тобында Ұлттық банк өкілдері де қамтылған. Менің ойымша, оны реформалау керек екеніне ешкім күмән келтірмейді. Бұл өз кезегінде өте күрделі процесс екені түсінікті. Осы тұрғыда зейнетақыға біраз фактор әсер етеді, яғни өмір сүру ұзақтығы, халық саны, инфляция, халықтың нақты табысы сияқты мәселені назарға алу керек», - деді Т. Сүлейменов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ең төменгі жеткіліктілік шегінен асқан зейнетақы жинағын алу қысқартылуы мүмкін.

«Әсіресе, медициналық қызметке, стоматологияға қаражат керек деген желеумен мәліметтерді бұрмалаудың түрлі жағдайы кездесіп жатыр. Шын мәнінде, осы қаражат басқа мақсаттарға алған. Мұндай іс-қимылдарға жол бермес үшін талаптарды күшейту керек. Атап айтқанда, осы идея пысықталып жатыр», - деді ҰБ басшысы.

Еске салсақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2024 жылға арналған зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін жариялады.
29 тамыз 2024 ж. 295 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 123

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 120

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930