Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com
Қазгидромет 22 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанада көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 9-14 метр, ал күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 22-24 жылы.
Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 29-31 жылы.
Шымкентте жауын-шашынсыз, аспан ашық болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 32-34 ыстық.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының батысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында найзағай күтіледі. 22 тамызда күндіз Павлодар облысының батысында найзағай күтіледі.
Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.