Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда несие пайызы төмендетіледі

Қазақстанда несие пайызы төмендетіледі

Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлттық банкпен бірлесе отырып бірқатар несие пайыздарын төмендету туралы қаулы шығарғанын хабарлады.
Оған сай, төмендегідей пайыздық мөлшерлемелер төмендетіледі:
♦ кепілсіз банк қарыздары мен шағын несие ұйымдарындағы шағын несиелердің жылдық максималдық сыйақысының тиімді мөлшерлемесі 56-дан 46%-ға дейін;
♦ кепілді банк займдары 40-тан 35%-ға дейін;
♦ ипотекалық займдар 25%-ға дейін.

45 күнге дейінгі микронесиелердің күндік номиналды мөлшерлемесі 1-ден 0,3%-ға төмендетіліп, жылдық сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәні 179% шамасында белгіленді. Мұндай займдардың максималдық сомасы 50-ден 45 АЕК-ке немесе 184,6 мыңнан 166,14 мың теңгеге дейін азайтылады.

Сондай-ақ тұтынушылық несиелер мен микронесиелердің максималдық сомасы белгіленді:

кепілсіз банк қарыздары бойынша  – 2200 АЕК (8 122 400 теңге);
кепілсіз микронесиелер бойынша – 1 100 АЕК (4 061 200 теңге);
ломбардтардағы микронесиелер бойынша – 8 000 АЕК (29 536 000 теңге);
шағыннесие ұйымдарындағы шағыннесиелер бойынша – 20 000 АЕК (73 840 000 теңге).
21 тамыз 2024 ж. 174 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930