Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлыбритания үкіметі мизогинияны экстремизммен теңестірмек

Ұлыбритания үкіметі мизогинияны экстремизммен теңестірмек

Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігі мизогинияны экстремизмнің бір түрі ретінде қарастырмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Ішкі істер министрі Иветт Купер Ұлыбританияның экстремизмге қарсы стратегиясын қайта қарауды ұсынды.

Ішкі істер министрі Иветт Купердің сөзінше, әйелдерге деген өшпенділік өршіп барады.

“Бұл – кең танылып жатқан идеологиялық ағымдардың бірі. Мизогиния қоғамда кең тарап жатыр, ол "біздің қауымдастықтар мен демократиямыздың құрылымын бұзады", – деді министр.

Купердің сөзінше, жаңа стратегия Ұлыбританиядағы исламшыл және әсіре оңшыл экстремизмнің өсу себебін зерттейді.

“Сондай-ақ экстремалды мизогинияны немесе "зорлық-зомбылыққа бейімділік” сынды санаттарды қоса алғанда кеңірек идеологиялық үрдістерді қарастырады. Жастардың радикалдану себептері мен олардың мінез-құлқы зерттеледі. Стратегия "экстремистік тенденцияларды қадағалайды", – деді министр.

Купердің айтуынша, кейінгі жылдары экстремизммен күрес жеткілікті түрде жүргізіліп жатыр

“Сайлау науқаны кезінде лейбористер экстремизммен күресудің жаңа стратегиясын енгізуге уәде берді. Бұл Ұлыбританиядағы экстремизмнің дамып келе жатқан үлгілеріне жауап болады. Жаңа стратегияны қалыптастыруға қанша уақыт кететіні әзірге белгісіз”, – деді министр.

Еңбек партиясы экстремизмге қарсы күрес стратегиясы 2015 жылдан бері қайта қаралмағанын айтты. Олар осыған байланысты елге төніп тұрған жаңа қауіптерді қайта қарастыратынын еске салды.

19 тамыз 2024 ж. 49 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30