Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар тағы бір қауіпті вирусты анықтайтын ПЦР-тест тапсырады

Қазақстандықтар тағы бір қауіпті вирусты анықтайтын ПЦР-тест тапсырады

Фото: istockphoto.com
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, инфекциялық ауруды Қазақстанға кіргізбеу үшін бақылауды күшейту керек. Қазақстанда маймыл шешегін анықтау үшін ПЦР-тест сатып алынды. Ол жуық арада елге жеткізіледі, – деп хабарлады Aikyn.kz.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, инфекциялық ауруды Қазақстанға кіргізбеу үшін бақылауды күшейту керек.

«Маймыл шешегі өте қатерлі вирустық сырқат болып есептеледі. Қазіргі уақытта ол тек Африкада емес, басқа да мемлекеттерде пайда болғанын көріп отырмыз. Соңғы екі жылда жүзден астам мемлекетте тіркелген. Жалпы, 100 мыңға жуық адам жұқтырған. Маймыл шешегінің таралуына жол бермеу үшін ең алдымен Қазақстанға кіру жолдарын бақылауымыз керек. Яғни, әуежайларда, пойыздар мен автокөліктер өтетін жерлерде. Қазір барлық жерде термометрия құралдары қолданылады. Маймыл шешегінің негізгі симптомдары – дене қызуының көтеріліп, теріде түрлі дақтар пайда болады. Сондықтан Қазақстанға кіруін болдырмауымыз қажет», – деп мәлімдеді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, елімізде маймыл шешегі бойынша клиникалық хаттама бекітілген. Алайда маймыл шешегінің спецификалық емі, профилактикалық жолдары, вакцинациясы жоқ.

«Сондықтан қазіргі уақытта қажетті ПЦР-тест сатып алып жатырмыз. Жақын арада осы тестілер елге жеткізіледі», – деді бірінші вице-министр.

16 тамыз 2024 ж. 344 0

Өнердің өріндегі өмір

23 мамыр 2026 ж. 130

Шуақты өнер шырақшысы

23 мамыр 2026 ж. 128

Табысты бизнес моделі

23 мамыр 2026 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031