Қазақстандықтар үшін бүкіл әлем бойынша алғашқы жолсілтеме пайда болды
Aviasales.kz қазақ тіліндегі "Ары-бері" жолсілтемесін ұсынды. "Ары-бері" жолсілтемесі саяхатшыларға кез-келген қаланы бір минут ішінде тануға және сапарға жақсы дайындалуға көмектеседі. Гидтер сериясы қазақстандық туристер арасында ең танымал бағыттарды қамтиды және үнемі кеңейіп келеді.
"Ары-Бері" жергілікті тұрғындардың арнайы топтамалары, кеңестері мен лайфхактары арқылы қайда тұрып, қайда бару керектігін және суреттерге ең жақсы көріністерді қайдан табуға болатынын айтады.
"Біз қазақстандық саяхатшылардың мүдделерін мұқият зерделеп, әлемнің түкпір-түкпірінен келген гидтерді, фотографтар мен тревел-сарапшыларды қазақстандықтарға өз қалалары туралы айтуға шақырдық. Бізге екі тілде алғашқы нұсқаулық жасау және оны әрқайсысына қол жетімді ету маңызды болды. Енді сапардағы қызықты орындардың тізімін жасауға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. "Ары-беріде" қазірдің өзінде 40 танымал бағыт бар, олардың саны ай сайын толықтырылып отырады", – деді регионалдық менеджері Альбина Қанатқызы бөліседі.
"Ары-бері" ақпараты пайдаланушыларға барлық жерлерді шарлауды жеңілдету үшін қалалардың карталарымен біріктірілген. Сонымен "Аудандар" бөлімі негізгі қаланың географиясын түсінуге көмектеседі. Мысалы, Ыстанбұлдың бөлімдері "Туристер", "Мәдениеттер қоспасы", "Таңдаулы", "Көпшілік пен қозғалыс" және "Хипстерлер" деп аталады. Осылайша, бейтаныс қала түсінікті болады.
Әйгілі туристік орындар "Танымал" тарауында жиналған. "Ары-бері" авторлары қала тұрғындарының жиі баратын жерлерін атап өтті. Айталық, Қарағандыда "Алтын Арба базары", "Кофехана аллеясы", "Федоров су қоймасы" және жергіліктілердің басқа да сүйікті орындарды топтамаға кірді.
Тағы бір топталардың бірі – "Инстаорындар" – жергілікті фотографтар ұсынған көркем жерлері. Сонымен қатар карта "Жағажайлар", "Саябақтар мен бақтар" және т.б. сияқты қосымша топтамаларда қаланың ерекшеліктерін ескереді.
"Ары-бері" бөлімі Аviasales.kz сайттында және мобильді қосымшасында қол жетімді.