Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүфтият Меккеге кеткен қазақстандықтар туралы мәлімдеме жасады

Мүфтият Меккеге кеткен қазақстандықтар туралы мәлімдеме жасады

Фото: muftyat.kz
Қазақстан қажылық миссиясы Меккеге отандастарымыздың дін аман екенін хабарлады. Қажылық миссиясының құрамында 4 дәрігер және 16 туроператордың әрқайсындағы 1 дәрігер ем-шарамен айналысып жатыр.

Бұған дейін Меккедегі аптап ыстықтан бірнеше адамның қаза тапқаны туралы хабарланған еді. Қазақстан қажыларының арасында қайтыс болған ешкім жоқ.

Миссиядағы дәрігерлер тобының жетекшісі Ардақ Айтбайұлының айтуынша, медициналық орталық көмегіне 14-16 маусым күндері 703 қажы жүгінген. Олардың қатарында жүрек-қан тамырлары, жоғары және төмен тыныс және асқазан-ішек аурулары, сондай-ақ басқа да (мазоль жарақаты, аллергия, конъюнктивит, т.б.) сырқат бойынша 120 қажы бірнеше рет тексерілген.

«15 маусымда Мұздалифада қан қысымы көтерілген қажыға жедел алғашқы көмек көрсетіліп, дәрігердің бақылауымен қонақүйге жөнелтілді. 16 маусымда Мина жазығында транзиторлық ишемиялық ұстама бойынша бір қажыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, стационарға жатқызылды. Жамаратта шайтанға тас лақтырып келе жатқан жолда қанты төмендеп, есінен танып жатқан әйел адамға тез арада көмек көрсетіліп, ол да стационарға жеткізілді», - деді Ардақ Айтбайұлы.
Қазіргі таңда аталған науқастар дәрігерлердің толық бақылауында, жағдайы бірқалыпты. Одан бөлек, елден жеткізілген дәрі-дәрмек қоры да жеткілікті. Еске сала кетсек, Меккеге қажылыққа барған 550 адам аптап ыстықтан көз жұмды.
19 маусым 2024 ж. 117 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031