Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су басқан аймақтардағы мүлікті бағалау жұмысы қашан аяқталады?

Су басқан аймақтардағы мүлікті бағалау жұмысы қашан аяқталады?

Фото: Үкімет
Үкімет басшысы Олжас Бектенов су тасқыны болған аймақ әкімдеріне осы аптаның соңына дейін келтірілген залалды бағалау жұмыстарын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

28 мамырдағы жағдай бойынша 30 538 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алған. Су тасқыны салдарынан республика бойынша шамамен 12 155 тұрғын үйге, сондай-ақ 18 321 саяжай құрылысына зақым келдіі, оның 5 353-і зардап шеккендер үшін жалғыз баспанасы (өтемақыға жатады) болып саналатыны айтылған.

Бүгінгі таңда 15 093 тұрғын үй мен саяжай құрылыстарына сараптама жасалды, ол жалпы санның – 84%. Қорытындыға сәйкес, 9 мыңнан астам үй қалпына келтіріледі, 4 315 үй – апатты деп танылды. Өңірлерде 1 847 үй мен пәтердің құрылысы басталды, тағы 3 417-ін қайталама нарықтан сатып алу жоспарланып отыр. Вице-премьер әкімдіктерге барлық қажетті қорытындыларды барынша қысқа мерзімде ресімдеу және жаңа тұрғын үйді уақытында пайдалануға берілуін қамтамасыз ету тапсырылған.

«Әкімдіктерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын. Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек», — деді Үкімет басшысы.
28 мамыр 2024 ж. 101 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930