Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маусым айына ауа райы болжамы жарияланды

Маусым айына ауа райы болжамы жарияланды

Фото: ашық дереккөзден
«Қазгидромет» болжамы бойынша, республиканың басым бөлігінде орташа айлық температура бір-екі градусқа көтеріледі. Кей аймақтарда жауын-шашын мөлшері азаяды, деп жазады Aikyn.kz.
«Қазгидромет» хабарлағандай, республиканың басым бөлігінде орташа айлық температура бір-екі градусқа көтеріліп, кей аймақтарда жауын-шашын мөлшері азаяды. Ал су тасқыны болған өңірлерде метеорологтер ылғал топыраққа терең еніп кеткенін айтып, ол аймақтарға да қуаңшылық қаупі төніп тұрғанын ескертті.

«Атмосфералық құрғақшылық Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданында, Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында, Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында болжанады», - деді «Қазгидромет» РМК аргометеорологиялық болжам басқармасының басшысы Қамар Сәлиева.

Мамандар маусым айында орталық, солтүстік және шығыс өңірлерде сынап бағанасы 30-38 градусқа дейін жоғарылайды деп отыр. Бірақ жаз бойы ыстық болмайды екен. Аптап ыстық та апталап тұрмайды дейді синоптиктер. Ал жауын-шашын мөлшері Қызылорда облысы мен батыс аймақтардан өзге өңірлерде қалыпты деңгейде болмақ.

«Қазгидромет» алдағы үш күнде еліміздің басым аумағында жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін екенін ескертеді. Ауа температурасы тек маусымның басында ғана көтеріледі деп күтілуде.
25 мамыр 2024 ж. 322 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031