Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айдын Қайруллаев жаңа қызметке тағайындалды

Айдын Қайруллаев жаңа қызметке тағайындалды

Kyzylorda-news.kz Қала әкімі Серік Қожаниязов кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысын таныстырды. Бірыңғай конкурстық комиссияның қорытындысы негізінде қала әкімінің өкімімен Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

«Айдын Бөкенбайұлы – мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп, сатылап өскен білікті де тәжірибелі маман. Маңызды салаларда басшылық қызмет атқарған, тапсырманы тиянақты орындайтын жауапкершілігі мол азамат. Айдын Бөкенбайұлы әлеуеті жоғары кадр ретінде өз жұмысын кәсіби деңгейде атқарады деп сенемін», – деді қала әкімі.

Айдын Бөкенбайұлы 1981 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген, жоғары білімді.

2002 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Журналистика», 2008 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясында редактор ретінде бастаған.

2002-2008 жылдары облыстық мәдениет басқармасының жетекші маманы, ҚР Ақпарат министрлігінің Қызылорда облысы бойынша ақпарат басқармасының жетекші маманы, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің бас маманы, облыс әкімінің баспасөз хатшысы, көмекшісі қызметтерін атқарған.

2008-2018 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, қала әкімінің орынбасары, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерінде болды.

2018 жылдан бастап осы кезге дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, орынбасары қызметтерін атқарып келді.
11 мамыр 2024 ж. 478 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930