Мектептер құрылысы басты назарда болуы тиіс
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім саласының өзекті мәселелері талқыланған мәжілісте биыл салынатын мектептердің сапасы, құрылыстың уақытылы аяқталуы жіті назарда болуы керектігін ескертті.Мұнан бөлек, мамыр айынан бастап облыстағы 7 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтеді. Облыстық бақылау жөніндегі басқармасына жұмыс сапасын, мерзімінде аяқталуын қатаң қадағалау тапсырылды.
Сондай-ақ, жиында кейбір аудандардағы кешкі мектептердің жабылуына орай қысқартылатын педагогтардың жұмыспен қамтылуы, мектептердегі штаттық бірліктердің тиімділігі талқыланды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі














