Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Halyk Bank және «Халық» Қайырымдылық қорының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік табысын аударады

Halyk Bank және «Халық» Қайырымдылық қорының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік табысын аударады

Еліміздегі ірі банк пен «Халық» қайырымдылық қорының ұжымы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға өздерінің бір күндік табысын аудару туралы бастама көтерді.

Банк жиналған көмек сомасын 2 еседен артық көбейту туралы шешім қабылдады.

Қызметкерлерден жиналған ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 200 млн теңге болды. Осылайша, банк басшылығы аударым сомасын 2 есеге көбейтіп, 450 млн теңгеге дейін жеткізу туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін Halyk Bank және «Халық» қайырымдылық қоры су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін өз қаражатынан 1 млрд теңге аударған болатын. Осылайша, Halyk Bank пен «Халық» қорынан көрсетілген көмектің жалпы сомасы 1,45 млрд теңгеге жетті.

Halyk корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидатын ұдайы ұстанады және әрқашан қиыншылыққа тап болған отандастарына көмектеседі. Банк жиналған қаражат үйі мен мүлкінен айырылған адамдарға қиын кезеңдерден өтуге көмектеседі деп үміттенді.

«Halyk Bank және «Халық» қайырымдылық қорының әрбір қызметкері зардап шеккендерге көмек көрсетуге қатысуды өзінің міндеті деп санады, сонымен қатар біздің көптеген әріптестеріміз төтенше жағдай режимі енгізілген өңірлерде тұрады және жұмыс істейді. Жұмысшылардың ешқайсысы шетте қала алмады. Біз су тасқынының жойқын зардаптарынан зардап шеккендердің барлығына шын жүректен жанашырлық танытамыз – бұл еліміздің тарихындағы ең үлкен табиғи апат. Қазір бұрынғыдан да күш біріктіріп, біздің қолдауымызға мұқтаж адамдарға көмектесу маңызды. Тек бірлескен күш-жігермен біз осы қиын кезеңді еңсеріп, табиғи апаттың салдарын жоя аламыз. Біз сіздермен, отандастарымызбен біргеміз», – делінген Банк пен Қайырымдылық қорыныңхабарламасында.

11 сәуір 2024 ж. 325 1

Lillian от 29 мамыр 2025 19:24
Amazing forum posts, Appreciate it. casino en ligne France Helpful material Regards! casino en ligne Excellent tips, Thanks! casino en ligne France You actually explained that effectively! casino en ligne francais Helpful content Thanks a lot. casino en ligne francais With thanks. Fantastic stuff. casino en ligne fiable With thanks! A lot of info. casino en ligne fiable You actually expressed this exceptionally well! casino en ligne Wow lots of beneficial tips. casino en ligne Truly many of good knowledge! casino en ligne

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30