Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлікте болуға шақырамын

Бірлікте болуға шақырамын


Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев еліміздің 10 өңіріндегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жариялады.

«Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады», – деді Президент.

Үкіметке нақты тапсырмалар беріліп, жан-жақты жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Бұл жұмыстардың барлығы тікелей өз бақылауында екенін айтты. 

«AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары мен «Жастар рухының» белсенділері де зардап шеккен аймақтарға алғашқылардың бірі болып жетіп, құтқару жұмыстарына белсене атсалысуда.

Сөз соңында Президент тасқынмен күресте күн-түн демей қызмет қылып жүрген құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғыс айтты. 

Осындай еліміз үшін қиын кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Сондықтан бірілікте болуға шақырамын. 

#AMANAT

Нұрғиса ЖАЛҒАСБАЕВ, 
"Amanat" партиясы аудандық филалының атқарушы хатшысы

06 сәуір 2024 ж. 240 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 139

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 145

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031