Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылжымалы медициналық кешен тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде

Жылжымалы медициналық кешен тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде



Бүгінгі таңда аудандық көп бейінді орталық ауруханасына берілген арнайы жылжымалы медициналық кешен аудандағы барлық елді мекендерді аралап, тұрғындарға медициналық көрсету мақсатында өз жұмыстарын жүргізуде.

Көшпелі медициналық кешен кешелі бері Қ.Пірімов, Жалаңтөс батыр ауылдарын аралап, ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуде.

Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Жалаңтөс батыр ауылына жасаған жұмыс сапары барысында ауылдық дәрігерлік амбулатория жанындағы медициналық кешенде тұрғындарға қызмет көрсетіп жатқан дәрігерлермен кездесті.


Аудан басшысы медициналық кешеннің аудан орталығындағы емханаға шалғай жерде орналасқан, өздігінен келе алмайтын, мүмкіндігі шектеулі науқастар үшін үлкен көмек екенін айтып, дәрігерлерге бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай ауданға қарасты барлық елді мекендерде жалғастыруды тапсырды.

Айта кетейік, жылжымалы медициналық кешен пациенттерге толық медициналық тексеру жүргізу үшін қажетті барлық заманауи цифрлық зерттеу құрылғыларымен жабдықталған. Атап айтқанда: Жалпы қабылдау аймағы: жалпы тәжірибелі дәрігер: акушер-гинеколог, окулист, ЛОР, хирург, онколог, травматолог, стоматолог, эндокринолог, гастроэнтеролог, невропатолог, ревмаолог, кардиолог кабинеттері мен анализдер қабылдау және глюкометр, гематологиялық анализатор жүргізу аймағы, дәріханалық пункт, УДЗ және ренгенологиялық зерттеулер жүргізетін арнайы қорғасын сәулелі диагностика бөлмесі бар, онда басқаларға қауіпсіз рентген жасауға болады. Жылжымалы медициналық кешен арнайы мамандармен түгел қамтылған.
 
Тұрғындардан түрлі дерттер анықтап, асқынудың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізіп жатқан медициналық кешеннің жұмысы алдағы уақытта басқа да ауылдарда жалғасатын болады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
08 наурыз 2024 ж. 200 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930