Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Артық қате төленген әлеуметтік аударымдарды және міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтару мемлекеттік қызметі

Артық қате төленген әлеуметтік аударымдарды және міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтару мемлекеттік қызметі











Фото: gov.kz
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы – eGov.kz порталында артық қате төленген әлеуметтік аударымдарды және міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтару бойынша жаңа қызметтерге қолжетімді екендігін хабарлайды.
Қате есептелген қаражатты қайтару үшін жұмыс беруші eGov.kz порталында өтініш беру керек. Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарының қате есептелген сомаларын қайтару бойынша жаңа қызметтер жеке кәсіпкерлер болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Соманы қайтару туралы өтінішті Порталда жұмыс берушінің өзі (электронды цифрлы қолтаңбамен) ақша кате есептелген қызметкерлердің атына жібереді. Міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтару үшін бір өтінішті тек 10 қызметкерге дейін бере алады. Егер сома одан да көп адамдарға түскен болса, онда тағы біреуін толтыру керек.
Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтару бойынша өтініш беру процесі ұқсас, бірақ бұл қызметте өтініш беруші бір уақытта 20 қызметкерге дейін өтініш бере алады.
Жаңа қызметтер электронды үкімет порталында «Азаматтарға» - «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Зейнетақымен қатамасыз ету» бөлімінде қолжетімді.
Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомасын қайтаруға өтініш беру үшін пайдаланушы :
-жұмыс берушінің БСК мен ЖСК енгізу керек;
-«Төлем тапсырмасының деректемелерін» көрсету керек;
-көрсетілген деректерді тексеру;
-қайтаруды жүзеге асыратын қызметкерлерді таңдау;
-қайтару сомасын және қайтару себебін көрсету;
-«Ақша қаражатын қайтаруға арналған деректемелерді» көрсете отырып таңдалған қызметкерлерге келісу туралы өтініш жіберу керек.
Қызметкерлерге (соманы қате есептегендерге) eGov.kz порталының жеке кабинетінде өтінімге келісім беріп, қол қою қажет. Содан кейін өтініш берушіге мәртебелік бетте өтінімге қол қойып, өтінішті өңдеу нәтижесін күту керек.
Өтінішке қоса төлем чегі немесе төлем тапсырмасын электронды көшірмесі қоса жолданады.
Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруға өтінім беру шарттары бірдей, тек бұл қызметте қызметкердің келісімі талап етілмейді және қайтару себебіне байланысты құжаттарды жүктеу міндеттеледі.
Қызметтердің нәтижесі eGov.kz порталының мәртебелік бетінде және жеке кабинетінде Хабарлама түрінде қолжетімді болады.


«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалының
ХҚК бойынша Қазалы аудандық бөлімі
05 наурыз 2024 ж. 232 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930