Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 11 қосымша білім беру орталығы ашылады

Биыл 11 қосымша білім беру орталығы ашылады

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Алматы қаласында, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда және Павлодар облыстарында 11 жаңа қосымша білім беру орталығын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлады Halyq Uni.

Бұл ұйымдардың ашылуы оқушыларға қосымша білім беруге және олардың таланты мен қарым-қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Министрлік балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Өткен жылы ғана елімізде 9 қосымша білім беру орталығы ашылды. Биыл олардың саны тағы 11-ге артады. Жалпы, 2027 жылға дейін 100 қосымша білім беру орталығын іске қосу жоспарланған, – деп атап өтті тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Айта кетсек, биыл балаларды қосымша біліммен қамтуды 85%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Елімізде барлығы 1 625 мектептен тыс ұйым жұмыс істейді және әртүрлі бағыттар бойынша үйірмелердің 380 түрі ұсынылады. Оның ішінде ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік-эстетикалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық және басқа да үйірмелер бар.
05 наурыз 2024 ж. 302 0

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 29

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 20

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 18

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930