Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар сағат тілін қашан өзгертуі керек?

Қазақстандықтар сағат тілін қашан өзгертуі керек?

Фото:depositphotos.com
Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі құрылады. Қай өңір тұрғындары жергілікті уақытты бір сағатқа артқа шегеруі керек екені айтылды. Толығырақ
Tengrinews.kz.
Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылатынын хабарлаған болатын.
"Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, "Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек", - делінген хабарламада.
Иллюстрация: Tengrinews.kz/Акмарал Карашон
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан өңірлерінде бірыңғай сағат белдеуіне көшу фонында мектепте сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін екенін айтты.
Министр уақыттың өзгеруін сарапшылар қауымдастығы мен ғалымдар қабылдағандықтан, қисынды деп санайды.
"Оқу уақытына келетін болсақ, бұл жерде, әрине, қажет болған жағдайда сабақтың басталу уақытын қайта қарауға әкімдіктерге мүмкіндік береміз, ешқандай кедергі жоқ. Мысалы, 8:00-де сабақ басталатын мектептер сағат 8:30-да бастай алады және т.б. Мұнда әрбір ұйым мен әкімдікте дербес шешім қабылдауға болады", - деді Бейсембаев үкімет брифингінде.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда уақыт белдеуін өзгертуге қатысты соңғы шешім қабылданғаны хабарланған болатын.

21 ақпан 2024 ж. 193 0

Ғайып болған елес ауыл

14 мамыр 2024 ж. 132

Қамыс басындағы қыз

14 мамыр 2024 ж. 119

Қарақұмға қой көшкенде

14 мамыр 2024 ж. 101

Аналар ардақталған күн

14 мамыр 2024 ж. 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031