Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде кімдер тісін тегін емдете алатыны анықталды

Елімізде кімдер тісін тегін емдете алатыны анықталды

Фото: depositphotos.com
МӘМС қоры тіс емдетуге қатысты мәліметтер жариялады. Бұл туралы Bugin.kz қорға сілтеме жасап хабарлайды.
МӘМС аясында мына санаттағы адамдар тегін көмек алады:
- ҰОС ардагерлеріне;
- 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
- атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға;
 - жасы бойынша зейнеткерлерге;
- инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулармен және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастарға;
-  мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдарға;
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға; сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі.
Жоспарлы стоматологиялық көмекке не кіреді?
Жоспарлы стоматологиялық көмек – ауыз қуысының, тіс пен қызыл иектің саулығын сақтау үшін операциялық емдеу. Атап айтсақ: тұрақты тексерулер, профилактикалық процедуралар, тісжегіні емдеу, тіс өңезін және тіс тасын алу, химиялық қатайтылған композиттік материалдардан жасалған пломбаны дайындау және салу.
Шұғыл стоматологиялық көмекке не кіреді?
Шұғыл стоматологиялық көмек амбулаториялық деңгейде консультациялық-диагностикалық көмек түрінде де, стационарлық жағдайда да көрсетілуі мүмкін. Бұған күрделі тісжегіні, пульпитті, периодонтитті, альвеолитті, невралгияны, невритті, стоматиттің ауыр түрлерін емдеу, күрделі тісті жұлу, абсцессті ашу, одонтогендік жылауықты алып тастау, жоғарғы-төменгі жақ буынының қисаюын түзету, тістердің бөлінуін уақытша бекіту, қатерсіз өсінділер мен эпулисті (жергілікті тітіркендіргіш факторлардың әсерінен пайда болатын ісік тәрізді өсінді) алып тастау. Еріннің, тілдің жүгеншігі пластикасының операциясы да МӘМС қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Егер тексеру нәтижелері бойынша тіс дәрігері амбулаториялық жағдайда көмек көрсету мүмкін емес деген объективті шешім қабылдаса, ол науқасқа  бас тартуға және оны жедел жәрдем арқылы ауруханаға жіберуге құқылы. Тісті рентгенге түсіру, пломба салу секілі әрекеттерге де МӘМС қоры қаржы төлейді.
12 ақпан 2024 ж. 234 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031