Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтың әл-ауқатын арттыру үшін батыл қадам жасаймыз – Бектенов

Халықтың әл-ауқатын арттыру үшін батыл қадам жасаймыз – Бектенов

© Sputnik / Владислав Воднев
Жаңадан тағайындалған премьер-министр Олжас Бектенов үкімет халықтың игілігіне қызмет ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
"Өздеріңіз білетіндей, мемлекет басшысы еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамыту бағытында бірқатар ауқымды тапсырма берді. Аталған тапсырмалардың барлығы мүлтіксіз орындалады. Бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер дәуірінде зор экономикалық серпіліс жасауымыз керек. Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында үкімет батыл әрі тиімді қадамдар жасайды", – деді Бектенов мәжілістің жалпы отырысында.
Оның айтуынша, өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беріледі. Мұнай-газ және көмір химиясы, металды терең өңдеу, машина жасау, автобөлшектер шығару, яғни жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын салалар барынша дамиды. Отандық өндірісті ынталандыруға бағытталған нақты шаралар қабылданады.
Сондай-ақ реттелетін сатып алу аясында Қазақстанда жасалған тауарлардың үлесін арттырып, ондықтық өндірушілерді қолдау мақсатында офтейк жүйесін толық іске қосу жоспарланып отыр. Басты мақсат — басқа елдің емес, ұлттық бизнесті қолдау.
"Ауыл шаруашылығы саласының зор әлеуетін дұрыс пайдалану маңызды. Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеуге назар аударамыз. Электр қуаты, жылу әрі сумен қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыс атқарамыз. Тиімсіз шығындарды қысқартып, үнімделген қаражат инфрақұрылымды жаңартуға бағытталады", – деді премьер.
Бұдан бөлек, көлік-логистика саласын дамытып, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру да үкімет жұмысындағы басымдықтардың бірі болмақ. Цифрландыру, жасанды интеллектінің қолдану саласын кеңейту, есептеу қуаттарын ұлғайту да – аса маңызды міндеттер.
"Мемлекет басшысы белгілеген заң мен тәртіп қағидатын жүзеге асыруға бағытталған шаралар қабылдаймыз. Басқа да халықтың көкейінде тұрған өзекті мәселелер үнемі үкіметтің назарында болады. Үкімет халқымыздың игілігіне, еліміздің өркендеуіне қызмет етеді", – деді Бектенов.
6 ақпанда Олжас Бектенов премьер-министр қызметіне тағайындалды.
06 ақпан 2024 ж. 152 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 36

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 36

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 39

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 41

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031