Халықаралық ғарыш станциясының орнына жаңа Starlab станциясы келеді
Фото Space News сайтынан алынды. Авторлығы: Starlab Space
Илон Масктың SpaceX компаниясы Халықаралық ғарыш станциясын (ХҒС) алмастыратын жекеменшік Starlab ғарыш станциясын орбитаға шығарады.
Илон Масктың SpaceX компаниясы SpaceX Starship зымыранымен Халықаралық ғарыш станциясын (ХҒС) алмастыратын жеке меншік Starlab ғарыш станциясын орбитаға шығарады. Voyager Space мақаласына сілтеме жасай отырып, Aikyn.kz бұл жаңашылдықтың ерекшеліктерін талдайды.
Зымыранға жауапты SpaceX компания мен станцияны жасайтын Starlab Space кәсіпорны арасында келісімшарт жасалды. Starlab Space кәсіпорнын Voyager Space пен Airbus компаниялары бірлесіп құрған.
Starlab Space кәсіпорны SpaceX-тен Starship ұшыру қызметтерін сатып алған алғашқы коммерциялық тұтынушылардың бірі. Келісімшарттың құны жарияланбады. Жеке меншіктегі ғарыш станциясын алып SpaceX зымыранының көмегімен бір миссияда ұшыру жоспарлануда.
Starlab – қазіргі уақытта жеке меншік иелігіндегі американдық компаниялар жасап жатқан бірнеше орбиталық станциялардың бірі. 2030 жылы ХҒС жобасы аяқталғаннан кейін NASA жаңа орбиталық станцияны өзі салмай, жеке меншік компанияларға тапсырыс беріп, станцияларды коммерциялық негізде пайдаланамыз деп шешті.
Voyager және Airbus компаниялары Starlab-ты 2028 жылы іске қосуды жоспарлап отыр. SpaceX-ке төрт жылдық өңдіріп шығару мерзімі Starship ғарыш аппараттарының тек демонстрациялық ғана емес, бірақ тұрақты орындалатын ұшыру қызметтерін ұсыну үшін жеткілікті.
Starlab станциясының модульдерінің диаметрі шамамен 8 метр болады, бұл ХҒС модульдерінің диаметрінен екі есе үлкен. Бірақ, бір миссия аясында станцияның ұшыруын қолдайтын зымырандардың таңдауын шектейді. Voyager төрағасы және бас директоры Дилан Тейлор Starship-пен бүкіл Starlab станциясын бірге бір миссияда қосып жіберу «бағдарламамыздың қатерін азайтудың дұрыс жолы» екенін айтты.
Voyager және Airbus компаниялары NASA-мен бірігіп бір жобада жұмыс істеуде, себебі Starlab үшін «Төменгі орбитаға арналған коммерциялық бағыттар» бағдарламасы аясында қаржы бөлінген. Ғалымдар станцияны ғарыштағы салмақсыздық күйінде орындалған зерттеулерді негізге ала отырып құруда. Starlab төрт адамнан тұратын экипаж үшін арналған және орбитада 30 жылға дейін жұмыс істеуге уәде береді.