Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалықтар өзінің және балаларының тегін өзгертіп жатыр

Қызылордалықтар өзінің және балаларының тегін өзгертіп жатыр

Фото: egemen.kz
Kyzylorda-news.kz. Қазақилық дәстүр кең өріс алған Сыр өңірінде ата-аналар балаларының тегін қазақыландыруға айрықша мән беруде. Тіпті өз тектеріне бұрын жалғанып келген «ов», «ев» қосымшаларынан арылуда. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Аида Абибуллаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Өткен 2023 жылдың шілде-тамыз айларында рәсімделген Туу туралы куәліктердің 90 пайыздан астамында тектеріне «ов», «ев» «ова», «ева» қосылмаған. Сондай-ақ, аймақта 9464 адам ұлттық дәстүрге сай атасының және әкесінің атын тек қылып жаздырып, құжаттарын рәсімдеген. Оның 1050-ы Қызылорда қаласында, 8414-і аудандарда. Ал, 16 жасқа дейін және 16 жасқа асқан тұрғындардың 723-і ұлттық дәстүр бойынша тегіне өзгеріс енгізіп, қайта құжат алған. Оның басым бөлігі - қала тұрғындары болса, 121-і аудандарға тиесілі», - дейді Аида Абибуллаева.

Айта кету керек, Сыр өңірінде бала туу көрсеткіші де жоғары. Сырбойылықтар өмірге келген нәрестеге Медина, Асылым, Алихан, Алинұр есімдерін жиі қоятыны белгілі болды.
25 қаңтар 2024 ж. 217 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031