Бірлігі бекем ел тату
Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентіндегі М.Шоқай, О.Сүлейменов, Б.Бәймішев, Біржан сал көшелері тұрғындарының ұйымдастыруымен “Бірлігі бекем ел тату” атты тағылымы мол іс-шара өтті.
Жиынға арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов мазмұнды шараның өтуіне мұрындық болған азаматтарға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың құттықтауын жеткізіп, бірқатар азаматтарды аудан әкімінің “Алғыс хатымен” марапаттады.
Мұнан соң арнайы қонақ болып сырт қалалардан келген бұрынғы көше тұрғындары сөз алып, бірлігі бекем ағайынға алғысын айтты. Артынша бақилық болған жандардың рухына құран бағышталып, дұға жасалды.
Бұдан кейін қалың көпшілік көше тұрғындарының арасында өткен гір көтеру, қол күрес және қой көтеру сынды спорттық сайыстарды тамашалады.
Айта кетейік, тағылымды шарада бүлдіршіндерге тегін балмұздақ таратылды.
Қазалы ауданы
әкімінің баспасөз қызметі