Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде қанша адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Елімізде қанша адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

1 мамырдағы жағдай бойынша 94,2 мың отбасындағы 494,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz
АӘК отбасының әрбір мүшесіне, жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
«Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 жас пен 6 жастағы балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің заттай түрінен, монетизациялау форматына, яғни 1,5 АЕК мөлшерінде (2023 жыл – 5175 теңге) қосымша ақшалай төлем түріне ауыстырылды.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 150,8 мың балаға қосымша төлем тағайындалды», - делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.
23 мамыр 2023 ж. 373 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 118

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930