Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтар әскерден босатылғаны туралы анықтаманы ЅМЅ арқылы ала алады

Азаматтар әскерден босатылғаны туралы анықтаманы ЅМЅ арқылы ала алады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин азаматтардың әскери қызметті өткеру туралы анықтаманы еш әуреге түспей-ақ, бір жүйеден оңай алу жолынт түсіндірді, деп хабарлайды.azattyq-ruhy
«Бірнеше ай бұрын елордалық әскери комиссариаттардың біріне барып, Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен бірге осы саланы цифрландыру жоспарларын талқылаған болатынбыз. Сонда көтерілген мәселелердің бірі- әскерге шақырылатын жастарды әскери қызметке шақырудан босату немесе кейінге қалдыру мақсатында талап етілетін анықтамалардан арылту болатын. Ол үшін бірнеше жүйені біріктіру қажет еді.
Араға уақыт салып, бірлескен жұмыстың арқасында нәтижеге қол жеткіздік. Мәселен, осы жылдың 1 наурызынан бастап азаматтар толып жатқан анықтамалар мен құжаттарды ұсынбай, әскери қызметті өткеру туралы өз мәртебесін бір жүйеден біле алады», - деп жазды Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында.
Министрдің айтуынша, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, қазақстандықтарды әскерге шақырудан босату және кейінге қалдыру туралы ақпарат беретін проактивті мемлекеттік қызметті іске қосты.
«Әскерге баруға міндетті ер адамдарға, яғни 18-27 жастағы азаматтарға әскерден босату немесе кейінге қалдыру бойынша тиісті ақпарат телефондарына хабарлама ретінде жолданатын болады. Мобильді азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтар ғана хабарлама алатынын атап өтемін.
Қазіргі күні 300 мыңнан астам әскерге шақырылушы 1414-тен ЅМЅ хабарламалар алып үлгерді», - деді Б. Мусин.
01 наурыз 2023 ж. 316 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 127

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 188

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 154

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 135

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930