Тентекті тезге салу – міндет

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде І-ІІ курс студенттерінің арасында топтық төбелес, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық түсіндіру және әдістемелік көмек беруге байланысты «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында құқықтық оқу сағаты болып өткізілді.
Жиналыста Қазалы ауданының прокуроры А.Алдабергенов, Қазалы АПБ, ЖПҚб, ЮПт-ның аға инспекторы, полиция майоры М.Бегалиева,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің кеңесшісі Шәкірат Әлқуат, жастар денсаулық орталығының дәрігері Ә.Алиева, Қазалы ауданаралық ауруханасы «Болат жолы» емханасының психологы Г.Жанайбековалар қатысып, жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратылды және тақырып аясында бейнероликтер ұсынылды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат