Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Tilashar коллекциялық монеталары сатылымға шығады

Tilashar коллекциялық монеталары сатылымға шығады

Қазақстан Ұлттық банкі ертең, 26 тамыздан бастап TILASHAR коллекциялық монеталарының сатылымға шығатынын мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.
Тілашар – әр отбасының өмірінде көрініс табатын ерекше оқиғалардың бірі. Бұрын бұл ғұрып бала алғашқы сөздерді айта бастағаннан бастап жасалған. Бүгінгі таңда бұл дәстүр білім алу жолындағы алғашқы қадамды білдіреді.
Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиордан және номиналы 100 теңгелік нейзильберден жасалған TILASHAR монеталары «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясын жалғастырады.
Монетаның негізгі бетінде (аверсінде), орта тұсында ою-өрнек үстінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы, жиегінде QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген жазу, төменгі жағында монета номиналын білдіретін сандар орналасқан.
Монеталардың екіші бетінде (реверсінде) мектеп атрибуты элементтері бар балалар суретінің бейнесі берілген, сонымен бірге монета жасалған металдың сынамасы мен массасы, соғылған жылы көрсетілген.
Күмістен, мельхиордан және нейзильберден жасалған монеталардың бет жағы мен сырт келбетіндегі бейнелер бірдей. Күмістен жасалған монеталар түрлі-түсті эмаль жағу технологиясын қолдана отырып жасалған, мельхиордан жасалған монеталарда интерференциялық құбылмалы бет қабатын жағу технологиясы қолданылған.
Монеталар:
- 925/1000 сынамалы күмістен, proof сапамен жасалған номиналы 500 теңгелік монетаның массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, таралымы 5 000 дана;
- МН 25 мельхиор қоспасынан, brilliant uncirculated сапасымен жасалған номиналы 100 теңгелік монетаның массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, таралымы 30 000 дана;
- МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, brilliant uncirculated сапасымен жасалған номиналы 100 теңгелік монетаның массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, таралымы 100 000 дана.
Барлық монета нақты құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдана береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банктеріндегі банк шоттарында аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.
Күмістен жасалған монеталар кәдесый орамында мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлік сапа сертификатымен шығарылады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған. ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz платформасындағы интернет-дүкен арқылы сатылады.
25 тамыз 2022 ж. 292 0

Еңбегімен елге елеулі

21 мамыр 2024 ж. 9

Өнерпаздар бақ сынады

21 мамыр 2024 ж. 9

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031