Бастауыш сынып балалары мектепке барады

Ал колледждер аралас форматта оқитын болды. Мұндағы практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер онлайн түрде өткізіледі.
Вакцина алған студенттер оқу ордасына келіп, сабаққа қатысуына мүмкіндік қарастырылған. Апта басынан бастап облыстағы 30 колледждің 19 692 студенті екінші семестрді аралас форматта өткізуде.
25 қаңтар – 22 ақпан аралығында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы Ақзира Бақтыбайқызы бұл тестілеуге шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер университеттерге ақылы негізде түсу үшін қатысатынын айтты. Айта кету керек, бүгінде өңірдегі 7514 түлектің 6106-ы, яғни 81 проценті ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірген. Алғашқы тестілеу күнінде 203 бітіруші бақ сынамақ. Бұл мақсатта 3 тестілеу пунктінің жұмысы қарастырылған.
Белгіленген уақыттан бастап барлық білім беру ұйымдары күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен жұмыс істеуге міндеттелген.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат