Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақ пен қараны ажырата білейік

Ақ пен қараны ажырата білейік

Қазіргі таңда әлеуметтік желіні жас баладан бастап, қарттыққа жетіп қалған жандарда қолданады. Оның ішіндегі ақпарттың барлығы пайдалы деп айта алмаймыз. Осы уақытқа дейін әркім өз еркіне сай қолданып келді. Енді әр айтар сөзіңе, жариялайтын жазбаңа байыптылықпен қарайтын кез жеткен секілді. Бұл жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған үндеуінде: «Интернетке еркіндік берілгенімен ойына келгенді жазуға, жалған ақпарат таратуға, біреуге тіл тигізуге, арандатушылыққа жол берілмейтінін ескертемін. Ондай материалдар шықса, олардың авторларын тауып, жауапкершілікке тарту шараларын қабылдаймыз», – деп баса айтты. Толықтай келісемін, әрі қолдаймын. Жалған ақпарат тартушылардың жетегінде кету, өз өміріңе балта шабумен бірдей. Ақ пен қараны, жаман мен жақсыны ажырата алатын халықпыз. Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпес үшін бірлікпен қоса сауаттылық қажет. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар ретінде елдің ертеңіне зор үмітпен қарап, балаларымыздың болашағы жарқын болуы үшін жұмыла жүк көтеруіміз керек деп есептеймін.
Елдің ынтымағы, бірлігі, татулығы әрбір азаматтың білімі мен мәдениетіне де байланысты. Осы орайда отандастарымды ел тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу үшін Президентті қолдап, жұдырықтай жұмылып, мемлекет басшысының жанына топтасуға шақырамын.

Анар КЕУЛІМЖАЙ,
«Өрімтал» бөбекжай-балабақшасының меңгеурішісі
18 қаңтар 2022 ж. 315 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031