Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Барыс энергияға толы жыл болмақ

Барыс энергияға толы жыл болмақ

Маңғаз Сиыр жылы да аяқталуға таяу. Келер барыс жылы жаңа қадам мен идеялардың туындауына сеп болсын. Ел несібесі тоқшылық пен молшылыққа еселенсін. Барыс – қоян жылынан бұрын, сиыр жылынан кейін кіретін жыл. Негізі әр жылдың өзіне тән мінезі, ерекшелігі бар.
Көп түркі және көшпенді елдер үшін, барыс ұлттық таңба. Қазақ ежелден барыстың тектілігін, батылдығын, айлакерлігін пір тұтқан. Барыс – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында кездеседі. Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне төменге түседі. Ол тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Қорегін негізінен іңірде немесе түнде аулайды. Қазақстандағы барыстың саны жүз сексен – екі жүздей. Олар негізінен Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл қорықтары мен Алматы, Лепсі, Тоқты қорықшаларында мекендейді. Аулауға тыйым салынған, санының азайып кетуіне байланысты халықаралық және ұлттық “Қызыл кітапқа” енгізілген.
Бір жерде тұрақты тіршілік етеді, бірақ күн көру жағдайы нашарлағанда кейде алысқа қоныс аударуы мүмкін. Қыста тұяқты аңдар тау етектеріне қарай түскенде, барыс сол маңға қарай көшеді.
Бір аңызда “Шығыс күнтізбесіндегі жыл қайыру Түрік елінің ең бірінші ханы Қисаға Тәңірдің кең көлемдегі аң аулау кезінде барлық аңдар қашып, судан жүзіп өтіп құтылуды ойлапты. Содан Іле өзенінен төмендегі тәртіппен жүзіп өтіпті. Бірінші болып суға тышқан, оның артынан сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, ең соңынан доңыз жүзіп өтіпті. Осы рет саны шығыс күнтізбесінде күні бүгінге дейін сақталып қалған” деп айтылады.
Жалпы, Барыс жылы қандай болмақ дегенге мән берсек, ол – Орталық Азия халықтарының күнтізбелерінде қолданылады. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде Барыс жылын жолбарыс жылы деп те атайды. Барыс сақтардың ұғымында қасиетті. Қазақ халқының жорамалдарында Барыс жылы күрделі бетбұрыстар алдындағы тыныштық жылы деп саналған. Бұл жылы туғандардың табиғи белгісі – ағаш. Нақты айтқанда, өте мықты, қажырлы, шынайы, жомарт болып келеді. Жағымсыз жағы – тынымсыз, өз басын ойлап қалған өзімшілдеу.
Жорамалдаушылардың айтуынша, барыс жылы қиындық пен қуанышқа, ауыртпалық пен жақсылыққа толы болмақ. Дегенмен бұрындары тарихта барыс жылына қатысты елеулі оқиғалар болмаған. Сол себепті барыс жылын қазақтар жайсыз жыл деп санамайды.
1986 жылы “Желтоқсан” оқиғасы барыс жылымен тұспа-тұс келді. Мұстафа Шоқай барыс жылы дүниеге келіп, жылан жылы өмірден өткен. Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы он бесінші ғасырда жазған “Шипагерлік баян” кітабында жыл атауларына ерекше көңіл бөлген екен.
Сумақы – тышқан. Маңғаз – сиыр. Айбар – барыс. Секем – қоян. Сумаң – жылан. Тұлпар – жылқы. Иіртек – ұлу. Шопан – қой. Мешін – мешін. Айтақ – ит. Шақырауық – тауық. Қорысқы – доңыз. Сондай-ақ ол кітапта жыл белгілерінің ерекшеліктеріне қарай адам мінезін сипаттайды.
Ал барыс жылында елді не күтіп тұр? Бұл сауалға қаржыгер, экономист Әйгерім Жанабаеваның жауабынша, келер жылы 2021 жылдан көзге түсер өзгешелік болмайды.
– Инфляцияның өсуі біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде жүріп жатыр. Сондықтан 2022 жылы инфляциямен белсенді күреседі. Қалай болғанда да, 2022 жыл, ең алдымен, 2020-2021 жылдардағы жағдайды барынша түзеп, елді тұрақтылыққа әкелуге тырысады. Пандемия кезінде туындаған үрей басылып, жұрт коронавирустан емделуді үйренеді. Екпеге қатысты мәселелер шешіледі. Осы кезде елде өсім де пайда болады. Мысалы, келесі жылы мұнай бағасының баррелі кемінде 100 долларға өсуі ықтимал. Бірақ біздің экономиканың әлемдік нарыққа ықпалы жоқ. Сондықтан кризистен қаша алмаймыз. Осыны реттеу мақсатында жалақы да көтеріледі. Оның өзі елдің қаржылық ахуалына қарай шешіледі, – дейді қаржыгер.
Келер жылы туатын сәбилер не нәрсеге бейім келеді? Нумеролог Айнұр Есенғалидің кеңесін шолып көрелік.
Қаңтарда, қазанда, қарашада, желтоқсанда туған балалар – елді басқаратын нағыз лидер, басшы. Олар адамдарды өз артына ерте біледі, амбициясы жоғары. Бұл балаларға болашақта билікті қолына ұстатуға болады.
Ақпанда күш-қуат ресурсына бай ең белсенді балалар дүниеге келеді. Мұндай балаларға энергиясын дұрыс пайдалануға көмектесу қажет. Олар спортқа, коммуникацияға жақын. Бұл айда туғандардан болашақта білікті дипломат, программист, блогер шығады.
Наурыз – талантты балаларға толы ай. Олар сабақты жақсы оқиды, білім алуға, кітап оқуға құштар. Мұндай балаларды сурет, актерлық шеберлік, журналистика сияқты шығармашылық мамандықтарға бағыттаған жөн.
Сәуірде дүниеге келетін сәбилер – спортшылар және опера әншілері. Себебі олардың денсаулық секторы жоғары. Ішінде алып күш бар, ал ол не дауысқа, не сырт-келбетке беріледі. Мұндай кішкентайлардың ата-анасына балаларын спорт немесе операға беруге кеңес беремін.
Мамырда нағыз ғалым, инженер, дәрігерлер туады. Себебі бұл кездегі балалардың аналитика талдауы, логикасы, ойлау жүйесі жақсы дамыған.
Маусымда көбіне халық көзайымы атана алатын танымал тұлғалар және қолынан өнер тамған шеберлер дүниеге келеді.
Шілде – жетінші ай. Қазақ жеті санын тектен-тек қасиетті санамаған. Бұл айда туғандардың жолы болғыш келеді. Олар адамдарды жақсы тани алады, тез әрі дұрыс қарым-қатынас орната біледі. Мұндай адамдарды көбісі “оқымаған немесе тума психологтар” деп атайды.
Тамызда туған балаларға ерекше, жақсы қасиеттер беріледі. Олар өте мейірімді, сабырлы әрі жауапкершілігі мол әрі сезімтал жандар. Ішкі сезімін ісі арқылы көрсетуі де мүмкін. Сондықтан тамызда туған балалар арасынан талантты ақын, жазушы, композитор шығуы әбден мүмкін.
Қыркүйекте туғандарды лингвистика, филология, аударма ісі, тарихқа бағыттаған жөн екен.
Нумерологияның статистика психоанализінде 2 саны энергияны білдіреді. Ал бұл сан 2022 жылда көп, сол себепті келер жыл – энергияға толы кезең. Үлкен қарқын мен динамикаға ие. Бұл жыл әдеттегіге қарағанда жылдам өтеді. Оқиғалар, жағдай, жұмыстың бәрі шапшаң жүреді. Адамдар қазір жайбасар, ешнәрсеге қауқары болмаса, келер жылдан айтарлық өзгеріс күтпегені жөн. Себебі бұл жылдың қарқынына ілесіп кете алғандар ғана жетістікке жетеді.

Дайындаған
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

01 қаңтар 2022 ж. 1 346 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 23

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 25

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 23

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 20

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031