Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Микроқаржы дауға іліктірмесін

Микроқаржы дауға іліктірмесін

Бүгінде технологияның қарыштап дамыған уақытында үйден шықпай-ақ кез келген шаруаны тез әрі оңай шеше беруге мүмкіндік мол. Жаппай цифрландыру бағдарламасы жүзеге асқалы бері ақшаны қолда ұстап жүру әдеті де бірте-бірте кеміп барады.
Қайда барсаң да қолдағы ұялы телефон арқылы “Kaspi”-ге немесе басқа да банктерге электронды қосымша арқылы қажетті соманы аудара саласың. Барлық қажетті құжаттар аядай алақаныңа сыйып кететін байланыс құралына топтастырылған. Осыған орай әлеуметтік желіде де түрлі микрозаемдар ұсынатын онлайн қызметтер жарнамасының көптігінен көз сүрінеді. Телефоныңа қайта-қайта келетін жеңілдігі мол хабарламаларға иланып, қажетті соманы алып, қарызға батқандар қаншама?! Себебі кім-кімде мән бермеймін, алмаймын дегеннің өзінде “Құжаттарсыз және кепіл берушісіз, 4 минутта онлайн қарыздар беріледі” дегенді ақшаға мұқтаж жандар көргенде ойланбастан тетікті басып, қаражатты қолға ұстайды. Ал оны уақытылы төлей алмай қалған жағдайда арты үлкен дауға ұласары анық.

Қарызға батырған микрокредит
Өткен жылы мамандар Қазақстанда микроқаржы ұйымдарының қызметі банктерге теңестірілетіндігін және интернет арқылы несие беретін ұйымдардың жұмысына бақылау күшейетіндігін хабарлаған. Себебі ақшадан тарыққан адам үшін онлайн несие – қалтаны қампайтудың ең оңай жолы.
Ресми дерек бойынша, Қазақстанда микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын 1100-ден астам ұйым бар. Ал несие алған қазақстандықтардың микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі шаш-етектен.
– Әдетте, бұларға банктерден кредит алуға мүмкіндігі жоқ адамдар жүгінеді. Олардың қарыз алушыларға қоятын талаптары төмен, қарыз беру жеңілірек. Қазақстандықтар тарапынан онлайн қарызға сұраныстың өсуі де содан. Бірақ келесі жылдан бастап микроқаржы ұйымдарына талаптар күшейтіледі. Бүгінде бұл ұйымдар өз қызметін есептік тіркеу аясында жүзеге асырады. Ал 2021 жылдан бастап лицензиямен реттеу тетігі енгізіледі, – деген болатын қаржы ұйымдарының қызметін реттеу бөлімінің өкілі Айдынбек Сандыбаев.
Бұл шешіммен микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталы да ұлғайтылды. Енді жаңадан ашылған ұйымдардың жарғылық капиталы 100 миллион теңгеден кем болмау талабы қойылды. Бұған дейін құрылған микроқаржы ұйымдарында жарғылық капитал 30 миллион теңге болған. Қаржы нарығын реттеу агенттігі оларға 2023 жылға дейін оны 100 миллионға дейін жеткізу міндетін қойды.

Қаржылық ұйымдар қызметі реттелмек
Қаржы агенттігі қаржы қызметін тұтынушыларды қорғау мақсатында 138 900 теңгеден аспайтын 45 күнге дейін берілетін арнайы микрокредиттер бойынша шекті мөлшерлемені 20 процентке дейін төмендету мәселесін қарастырды. Енді заңды белшесінен басып, онлайн қарыздың пайызын еселеп көтеретін ұйымдар әкімшілік жауапқа тартылады. Заң талаптарының сақталуын қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қадағалайды.
А.Сандыбаевтың айтуынша, микроқаржы ұйымдарының қызметін реттеу халық арасында борыштық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Онлайн неси берудегі алаяқтық операцияларды барынша азайтады және тиісінше қаржылық қызметтерді тұтынушының құқықғы мен мүдделерін қорғауды арттырады.

Белгілі экономист-сарапшы Мақсат Халық микроқаржы ұйымдарын ­банктерге теңестіру ұсынысының дұрыс екендігін жеткізді.
– Микроқаржы ұйымдарына қатысты мәселе соңғы жылдары жиі көтеріліп жүр. Өйткені олардың пайызы тым жоғары. Кем дегенде күніне 2,5 проценттен қосты. Есептеп қарасақ, сонда жылына 900 процентке дейін кетеді. Микроқаржы ұйымынан 100 мың теңге алып, бір жыл бойы төлемесе, миллионнан асып кететін жағдайлар кездескен. Мұның бәрі үлкен резонанс туғызды. Себебі көп адам микроқаржы ұйымдарының осындай әрекетіне алданып қалды. Қарызын төлей алғандар бар, төлей алмай, қиын жағдайға тап болғандары қаншама”, – дейді Мақсат Халық.
Оның мәлімдеуінше, Ұлттық банк микроқаржы ұйымдарының жылдық мөлшерлемесін 100%-ке дейін түсіру нормасын талқылады. Осылайша өз позициясын табандылықпен дәлелдеп, 100%-ке дейін азайтса, кейін 56%-ке дейін төмендетіп, банктермен теңестірді. Заң қатаңдатылғандықтан онлайн қарыз беретіндердің қатары да сирейді.

Ақшаны қолдану сауаттылығы маңызды
Жалпы, микроқаржы ұйымдарының арасында алаяқтықпен айналысатындар да бар. Мамандардың пікірінше, оларға алданып, сан соғып қалмау үшін әр адам қаржылық жағынан сауатты болғаны абзал.
– Алаяқ қаржы ұйымдарынан қандай құжатыңыз бар деп сұрағанда, ХҚКО-да тіркелген кезде алған куәлігін көрсетеді. Дегенмен ондайлардың қаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ болады. Соған қарамастан “Қаржылық ұйымбыз. Жеңіл несие береміз” деген жарнамамен халықты алдайды. Қазір мораторий, шағын және орта бизнесті тексеруге тыйым салынған. Олар көп жағдайда осыны пайдаланады. Құзыретті органдар оларды тексере бермейді. Тек халықтың тарапынан алдандық деп шағым түскенде ғана әрекеттенеді. Ал ол кезде ақша талан-таражға салынады немесе шетел асып кетеді. Сондықтан бұл жерде қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыру өте маңызды. Заңды біліп жүрсе, өз құқығын қорғай алады, – деген кеңесін жеткізді Мақсат Халық.
Сарапшының ойынша, микроқаржы ұйымдарының банктерге теңестірілуі халыққа үлкен көмек.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
04 желтоқсан 2021 ж. 582 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930