Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан "жасыл аймақта": Ауру жұқтыру деңгейі 2,4 есе төмендеді

Қазақстан "жасыл аймақта": Ауру жұқтыру деңгейі 2,4 есе төмендеді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында Қазақстандағы қазіргі эпидемиологиялық ахуал туралы айтып берді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

 Министр қазіргі таңда Қазақстанда тек екі өңір ғана "қызыл" аймақта қалғанын айтты. 
"Қазақстанның 11 өңірі "жасыл", төрт өңір “сары” аймақта тұр. Сондай-ақ Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта. Қазақстанда соңғы айда ауру өсімі 2,4 есе, стационарлардағы науқастар саны 1,4 есеге, амбулаторлық деңгейде емделіп жатқандар саны 1,8 есе азайды. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жұмыстары жүріп жатыр. Бірінші компонентті 8,7 миллион адам салдырса, екінші компонентті 7,9 миллион адам салдырды. Одан бөлек, Қазақстанға Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы жеткізілді", - деді Цой Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, вакцина алатын топтағы 35 012 адамға Pfizer вакцинасы егілген.
“Оның 26 354-і бала, 8 658-і жүкті және бала емізетін әйелдер. Вакцина апта сайын жеткізіледі.", - деді Цой үкімет отырысында.
Еске салайық, Қазақстанда пандемия басталғалы 965 518 адамнан вирус анықталса, оның ішінде, 927 618 адам аурудан айықты. Жалпы 12 577 адам вирустан қайтыс болды.

23 қараша 2021 ж. 185 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 188

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031