Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp қолданушыларына «кэшбек» қайтарады

WhatsApp қолданушыларына «кэшбек» қайтарады

WhatsApp өз пайдаланушыларына мессенджер ішінде жүргізілген төлемдер үшін ақшалай қаражатты қайтаруды ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Orda.kz WABetainfo порталына сілтеме жасап хабарлады.

Бастапқы кезеңде танымал мессенджер төлем үшін 10 фунт стерлингке дейін (шамамен 6 мың теңге) қайтаруды ұсынады. Бірақ ол функцияның ресми шығарылымына дейін ұлғайтылуы мүмкін.
«Келесі төлем кезінде ақшаны қайтару» хабары -тағы чаттар тізімінің үстінде пайда болады. Оны басқан кезде пайдаланушы қаражатты қайтару бағдарламасына автоматты түрде кіреді.
Қазіргі уақытта Үндістанда жаңа функция сыналуда. Бұл елде мессенджер ақша аударымдары қызметін белсенді түрде алға жылжытуда.


WhatsApp қолданушыларына «кэшбек» қайтарадыWABetainfo

Айта кету керек, WhatsApp мессенджерінің ішінде электрондық төлем сервисінің пайда болуы өткен жылдың маусым айында хабарланған болатын.
– Ақшаны жіберу және алу фотосуреттермен бөлісу сияқты оңай. Біз сондай-ақ шағын бизнеске WhatsApp-та тікелей сатылым жасауға мүмкіндік береміз, – деді Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг.
Цукерберг атап өткендей, WhatsApp-қа электронды төлемдерді енгізу Бразилиядан басталды. Айта кетейік, Қазақстанда бұл функция әлі қолжетімді емес.


25 қыркүйек 2021 ж. 474 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 105

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031