Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық жұмысшылар жалақысын уақытылы алып жүр ме?

Қызылордалық жұмысшылар жалақысын уақытылы алып жүр ме?

Биылғы жылдың сегіз айында облыстық еңбек саласын бақылау басқармасы әр түрлі меншектегі 104 мекеме мен кәсіпорындарға тексеріс жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 8 кәсіпорынның 1911 жұмыскеріне 209,6 млн.теңге жалақы қарызы төленген. Сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және жалақы бойынша берешекті өндіріп алу мақсатында жауапты органдармен бірлесіп, апта сайын салыстырмалы акті жасалған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық еңбек саласын бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Жолымбетов мәлімдеді.
«Облыс бойынша қазіргі таңда үш айдан астам жалақыдан қарызы бар мекемелер тіркелмеген. Жыл басынан бері басқармалармен жеке және заңды тұлғалардың 539 өтініштері қаралып, белгіленген тәртіппен тиісті жауаптар алынды. Кәсіпорындар мен мекемелерде жалақы төлемін кешіктіру фактілері анықталған жағдайда, дереу әрекет ету шаралары қолданылады. Бұл кәсіпорындардағы мәселелер мемлекеттік кірістер департаментінің бақылауында. Жоспардан тыс тексерулер мен жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп – тексеру барысында 20 кәсіпорында 1230 – ге жуық жұмыскерлермен ақпарттық-түсіндірме жұмыстары жүзеге асырылды. Аймақта басқа мемлекеттің жұмыс күші тартылған 3 кәсіпорында 9 заң бұзушылық анықталып, оларды жою бойынша 2 нұсқама берілген. Сондай-ақ, облыстағы басқармамен өндірістік жарақаттану жағдайлары мен еңбек қауіпсіздігінің жай-күйіне тоқсан сайын талдау жүргізілуде. Есепті кезеңде 7 кәсіпорында 1007 жұмыс орындары еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізілген», -деді Төрахмет Сайлаубайұлы.
Басқармамен жұмыс берушілерге «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы аясында қабылданған «Еңбек шарттары есебінің бірыңғай жүйесі» атты автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жұмыскерлердің еңбек шарттарының электронды түрде тіркеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі кеңінен насихатталуда. Нәтижесінде, биылғы жылы аталған жүйеге облыстағы 2066 субъектілердің 23 746 жұмыскерлерінің еңбек шарттары тіркелген.
24 қыркүйек 2021 ж. 375 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 103

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 88

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 71

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 88

Елімізде қар жауып, аяз түседі

23 желтоқсан 2024 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031