Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцинация паспортын қолдан жасаудың 30 дерегінің жолы кесілді

Вакцинация паспортын қолдан жасаудың 30 дерегінің жолы кесілді

Қаржылық мониторинг агенттігі COVID-19 қарсы жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-тестілеу нәтижелерін дайындау және тарату деректерін анықтау және жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz
Бүгінгі таңда Агенттік жалған вакцинация паспорттарын берудің 30 дерегінің жолын кесті.
Мұндай құқық бұзушылықтарға қарсы күресте әлеуметтік жауапкершілікті танытатын және осындай деректер туралы хабарлайтын азаматтар маңызды рөл атқарады.
Осылайша, Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне Жамбыл ауданы Аса ауылының емханасында материалдық сыйақы үшін жалған вакцинация паспорттарын заңсыз ұсынғаны туралы шағым түсті.
Тексеру барысында департамент қызметкерлері аталған емханада COVID-19 қарсы вакцинация паспортын нақты екпесіз 15 мың теңгеге беру дерегін анықтады.
Аталған дерек бойынша барлық қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.
Егер Сізге осындай құқық бұзушылықтар белгілі болған жағдайда, Агенттіктің + 7 7172 70-84-78 сенім телефоны арқылы немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аумақтық департаментке дереу хабарлауыңызды сұраймыз.
24 қыркүйек 2021 ж. 391 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031