Жылжымайтын мүлікті тегін онлайн бағалайтын сервис іске қосылды
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тегін бағалауға арналған онлайн-сервис іске қосылды. Енді пәтердің нарықтағы құнын бір батырманы басу арқылы білуге болады.
Қызмет 10 қалада: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Ақтау, Петропавл, Тараз, Павлодар, Өскеменде қолжетімді. Онлайн-бағалау мынадай жағдайда пайдалы: – сатушылардың бағаны дұрыс белгілеп, жылжымайтын мүлікті тез әрі тиімді сатуына; – сатып алушылардың дәлелді саудаласуына; – риелторлардың бағаны зерттеп, өз бетінше бағалаудан уақыт үнемдеуіне. Тегін бағалаудың жоғары дәлдігі мүліктің орналасуы, салынған жылы, жөндеу жұмыстары жүргізілгені және жиһазының болуы сияқты ондаған параметрлерді ескеру нәтижесінде жүзеге асады. Салыстыру үшін мыңдаған ұқсас пәтерлер іріктеледі. «Біз машиналық оқыту әдістерінің жинағын қолданамыз. Жасанды интеллект Krisha.kz-тегі 1 млн хабарландыру базасынан алынған ұқсас нысандарды талдайды. Сипаттамасы бойынша ұқсас пәтерлерді салыстырады. Бағалау нәтижесі акт болмаса да, бұл сатушыға да, сатып алушыға да жақсы бағыт береді», – деп хабарлады Krisha.kz жетекшісі Севиль Дарган. Сервисті қолдану үшін: Krisha.kz сайты немесе қосымшасындағы «Бағалау» бөліміне кіріңіз; Міндетті параметрлер: қала, мекенжай, бөлме саны, ауданы және салынған жылын толтырыңыз. «Бағалау» дегенді басыңыз; Бағалау нәтижесін, шаршы метрінің құнын және ұқсас жылжымайтын мүлік нысандарының бағасын біліңіз. Анағұрлым нақты есептеу үшін үй, пәтердің жағдайы, жиһаздың бар-жоғы туралы және т.б. мәлімет беріңіз. Дайын бағалауды сақтап қойыңыз немесе пошта немесе мессенджер арқылы жіберіңіз.