Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің он өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің он өңірінде ескерту жарияланды

Кей жерлерде найзағай болуы мүмкін. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 31 мамырда еліміздің кейбір өңірінде қатты ыстық, ал кейбірінде жаңбыр мен бұршақ жауатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақтөбе облысында дүйсенбіде ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріліп, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Синоптиктер мәліметі бойынша, өңірде өрт шығу қаупі сақталады.
31 мамырда Қарағанды облысы мен Жезқазғанда ауа температурасының көтерілуіне байланысты ескерту жарияланды. Кей жерлерде +38 градусқа дейін ыстық болады. Кей жерлерде найзағай болуы мүмкін.
Қызылордада және Қызылорда облысында термометр +43 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, құмды дауыл соғуы мүмкін.
Метеорологтар мәліметіне сүйенсек, Маңғыстау облысы мен Нұр-Сұлтанда найзағай ойнайды. БҚО-да кей жерлерде бұршақ жауып, күн күркірейді. Қостанай облысында дауыл, бұршақ және найзағай күтіледі.
Павлодар облысында дүйсенбіде қатты жел соғып, екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді, кей жерлерде найзағай ойнайды.
Түркістан облысының тауларында құмды дауыл соғады, кей жерлерде найзағай күтіледі.
СҚО-ның басым бөлігінде қатты жаңбыр жауып, дауыл, бұршақ және найзағай болады деп күтіледі.
31 мамыр 2021 ж. 625 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031