Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауапкершіліктің жүгі ортақ

Жауапкершіліктің жүгі ортақ

Вирус жұқтырудың қарқыны артып барады. Өткен тәуліктің өзінде ­облыста 39 жағдай тіркелді. Басым бөлігі COVID-19 инфекциясын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болғандар арасынан анықталған. Яғни ұжымдарда вирус жұқтыру дерегі көбейген. Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова жұмыс орындарындағы санитариялық-эпидемиологиялық, дезинфекциялық талаптардың орындалуына жіті мән беруді сұрап, үндеу жариялады.
– Соңғы тәулікте Қазалы ауданындағы «Өрімтал» балабақшасында 9 дерек тіркелді. Қазіргі таңда ауру ошағында эпидемияға қарсы барлық іс-шара жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар, медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық зерттеу жұмыстары жалғасуда, қажет болған жағдайда балабақша толығымен карантинге жабылуы мүмкін. Дегенмен де бүгінгі күні ата-аналар тарапынан балаларды балабақшаға жіберу тоқталған. Коронавирустық инфекция «Сибу-Қызылорда» мекемесінің вахталық жұмысшылары арасында да тіркелді. COVID-19 жұқтырған 1 адаммен байланыста болған 34 жұмысшы оқшауланып, ПТР анализдері алынды. Нәтижесінде 10 адамнан вирус анықталды. Қазіргі таңда ауру ошағы болған вахталық қалашық карантинге жабылды. Қарым-қатынаста болғандардың барлығы медициналық бақылауға алынды, – деді Динара Жаңабергенова.
Бүгінгі күні облыс бойынша коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 4198-ге жетті. Оның 3 проценті сырттан тасымалданған болса, 56% скринингтік тексеру нәтижесінде анықталған, 41 проценті қарым-қатынас арқылы жұқтырған.
Карантин талаптары кезең-кезеңімен жеңілдетілгенімен бірқатар шектеулер әлі де сақталуда. Бірақ той жасау, салтанатты шаралар өткізу тыйылмай тұр. Арнайы мониторингтік топ жыл басынан бері 28 отбасылық той-жиындар өткізген деректі анықтады. Еске салайық, қазір тек шектеулі адам санымен ғана ас беруге рұқсат етілген.
– Әрбір тұрғынның вирустың таралуын тоқтатуға мүмкіндігі бар. Ол бетперде киюге, жеке тазалық ережелерін, қоғамдық орындарда арақашықтық сақтауға, дене қызуы көтеріліп, жөтел және тыныс алу қиындаған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырамын. Адамдар көп шоғырланатын орындарға баруды, шектен тыс қонақ шақырып, отбасылық мерекелерді тойлауды кейінге қалдыруды сұраймын. Әрбір тұрғын маман кеңесіне құлақ асып, карантин талаптарын орындаса, инфекцияның да өршімеуін болдырмауға мүмкіндік болады. Жауапкершілік пен қауіпсіздік ортақ, – деді Динара Жаңабергенова.
Серік АҚМЫРЗА
10 сәуір 2021 ж. 2 165 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 44

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930